top of page

Программалық жасақтама деңгейлері

  • aserikbol00
  • 9 мар. 2016 г.
  • 1 мин. чтения

Программалық жасақтама-белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған,олардың аппараттық құралдарының жан-жақты қызметін,сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаратын программалар жиынтығы.Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік, қолданбалы.

1.Базалық деңгей – ақпараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді. Тұрақты жадта сақталады.

2.Енгізу — шығарудың базалық жүйесі (BIOS) тұрақты жадта орналасқан. компьютердің құрылғыларын тексеруге, ОЖ – инициализациялауға және монитор, пернетақта, дискілер, принтермен енгізу – шығару амалдарын орындауға арналған программалар кіреді.

3.Жүйелік деңгей – өтпелі. Нақты құрылғылармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін программаны драйвер дейміз. Жүйелік деңгей программалардың басқа қолданушымен өзара әрекеттесуіне жауап береді. Жүйелік деңгейдің программалық қамсыздануының жиынтығы компьютердің амалдық жүйе ядросын құрастырады.

4.Қызметтік деңгей – базалық деңгейдегі мен жүйелік деңгейдегі программалармен тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау, жөндей жұмыстарын автоматтандырады.

5.Қолданбалы деңгей – қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б мақсатта нақты жұмыстар атқарады.


 
 
 

Comments


Поиск по ключевым словам

© 2023 «Верное дело» Сайт создан на Wix.com

bottom of page